«Мальорка» жартылай қорғаушысы Ромеро Ла Лига тарихындағы ең жас ойыншы атанды.
Испания чемпионатының 31-ші туры аясында "Альфредо ди Стефано" стадионында «Реал Мадридпен» болған кездесуде Лука Ромеро 83-минутта алаңға кірген болатын. «Мальорка» жартылай қорғаушысының жасы 15 жыл 219 күнді құраған.
Алдыңғы рекорд «Сельтаның» бұрынғы футболшысы Сансонға тиесілі, ол турнирде өзінің алғашқы ойынын 1939 жылы желтоқсанда 15 жас және 255 күн кезінде өткізді.
Кеше «Мальорка» "Реал Мадридтен" 0:2 есебімен жеңілді. Клубтың еншісінде 26 ұпай бар және 18-ші орында. Жеңістің арқасында «Реал» 68 ұпай жинап, бірінші орынға оралды. Келесі матчта "Мальорка" «Атлетикпен» кездесу өткізеді, ал «Реал Мадрид» «Эспаньолмен» өз алаңында кездесетін болады.
Біздің серіктес: FONBET