Жарнама
Жарнама

Ла Лигада ең көп нәтижелі пас берген ойыншысы кім?

13.02.2020, 23:22
Жарнама
Жарнама

Примераның ресми сайты соңғы 10 маусымда ең көп нәтижелі пас берген ойыншыларды атады.

Көшті "Барселона" капитаны Лионель Месси бастап келеді. Ол әріптестерінің 133 рет доп салуына тікелей себепкер болыпты.

Екінші "Реал Мадрид" сұрмергені Кәрім Бензема. Франциялық 75 рет нәтижелі пас берген екен. Ол бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы турда Криштиану Роналдуды басып озған еді.

Үздік үштікті 68 паспен "Атлетико" жартылай қорғаушысы Коке мен тағы бір "блауграна" шабуылшысы Луис Суарес түйіндейді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров