“Барселона” мен “Реалға” тиімді нәтиже.
Ла Лиганың 29-турында күтпеген нәтиже тіркелді. “Эспаньол” өз алаңында “Атлетикоға” қарсы тең ойнап, мадридтік клубқа маңызды ұпай жоғалттырды.
Матч есебі: 1:1
38-минутта “Атлетико” қорғаушысы Сезар Азпиликуэта есеп ашты. Алайда, 71-минутта “Эспаньол” шабуылшысы Хавьер Пуадо пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді.
Бұл тең нәтиже “Барселона” мен “Реалдың” жағдайын жақсарта түсті, өйткені олардың басты бәсекелесі – “Атлетико” – құнды ұпайынан айырылды.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET