Жарнама
Жарнама

Лайк басқаны үшін айыпты болды

Тәжік футболшысы Хусрав Тоиров Ресей ұлттық құрамасының жеңісіне арналған постқа лайк басқаны үшін жазаға тартылмақшы, деп жазады Аладоп.кз.

Жарнама
Жарнама

Қазіргі сәтте донецкілік “Шахтердің” намысын қорғап жүрген жартылай қорғаушы Ресейдің Сербияға қарсы жеңісті кездесуінен кейін футбол пабликтерінде жарияланған посттардың біріне лайк басқан. Осыны көрген украиндық команда өз футболшысына жаза ретінде айлық жалақысын бермеуді көздеп отыр. 

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың кесірінен екі ел арасындағы бейбітшілік бұзылып, арадағы сыйластық жоғалды. Осындай майда түйіндердің өзі бұл мемлекеттердің азу-ызасын тудыратын жағдайда. 

Тоиров “Шахтер” сапында жалпы алғанда небәрі 2 ойын өткізген.

Футболшы украиндық клубқа 2023 жылдың 1 наурызында ауысып келместен бұрын “Атырауда” доп тепті. “Мұнайшылар” сапында ол 11 матч өткізіп, 2 голдық пасты өз атына жазды. 

Трансфермаркет 19 жастағы ойыншыны 300 мың еуроға бағалайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: