Жарнама
Жарнама

Ламин Яамал: “Бір күні “Алтын допты” иеленетініме сенемін”

16.07.2025, 11:00

"Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Яамал болашақта футбол әлеміндегі ең беделді жүлде — "Алтын допқа" қол жеткізу туралы ойын бөлісті. Ол бұл арманның әр футболшының жүрегінде бар екенін айта отырып, өзі де бір күні бұл жетістікке жететініне сенетінін жеткізді.

Жарнама
Жарнама

"Меніңше, кез келген футболшы "Алтын допты” армандайды. Бірақ менің болмысым мен көзқарасым бұл арман бір күні шындыққа айналатынын сезінуге мүмкіндік беруде. Мен асықпаймын, алайда мұндай мақсат бәрімізде бар.” – деді Яамал Қытайдағы телешоулардың бірінде берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 13 шілдеде Ламин Яамал 18 жасқа толды. Ол 2023 жылдан бастап "Барселонаның” негізгі құрамында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында төрт бірдей трофейге ие болып үлгерді. Екі рет Ла Лига чемпионы атанып, Испания Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Ламин Испания құрамасымен бірге ЕУРО 2024 турнирінің жеңімпазы атанған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров