Жарнама
Жарнама

Ламин Ямал Aргентиналық әнші Никки Николемен қарым-қатынасын жария етті

25.08.2025, 18:00

"Барселона" жас жұлдызы Ламин Ямал жеке өміріне байланысты қауесеттерге нүкте қойды. 18 жастағы вундеркид Instagram-дағы 37,6 миллион жазылушысына Аргентиналық әнші Никки Николемен бірге түскен суретін жариялады.

Жарнама
Жарнама

Сурет әншінің 25 жасқа толған туған күнінде түсірілген. Сториста торт пен жүрек эможиі ғана қалдырылған.

Испан және Аргентиналық басылымдардың мәліметінше, бұл қадам екеуінің арасындағы қарым-қатынасты ресми түрде растағандай болды. Бұған дейін екеуін Ямалдың шулы туған күн кешінен кейін бірнеше рет бірге көрген еді.

13 шілдеде Ямал 18 жасқа толуын 200-ге жуық қонақтың қатысуымен жеке резиденцияда атап өткен болатын. Алайда Испания қоғамында бұл мереке сынға ұшырады. Кешке "ахондроплазиясы бар адамдарды қатыстырды” деген айыптар тағылды, сондай-ақ модельдерге қатысты күмәнді талаптар жөнінде ақпарат шықты. Бұл жайт тіпті Испания Үкіметіндегі мүгедектер құқығы жөніндегі бас директор Хесус Мартиннің тексеріс жүргізу туралы үндеуіне себеп болды.

Ямалға дейін Никки Николені Мексикалық әнші Песо Плумамен байланыстырған, бірақ олардың қарым-қатынасы былтыр аяқталған. Ал Ямалдың өзі бұған дейін ересек жастағы инфлюенсер Фати Васкеспен бірге демалғаны үшін сынға қалған еді.

Жеке өміріндегі дау-дамайға қарамастан, Ямал "Барселонаның” негізгі құрамында тұрақты ойнап жүр. Кеше ғана "Левантеге" қарсы матчта нәтижелі пас беріп, командасына камбэк жасауға көмектесті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров