"Барселона" мен Испания құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль өзінің мансабындағы басты мақсатын ашық айтты. Жас дарын тек бір "Алтын допқа" емес, бірнеше мәрте осы беделді марапатқа қол жеткізуді армандайды.
Өткен маусымда ол "Алтын допқа” үміткерлердің қатарына еніп үлгерген еді.
"Мен достарыма бір "Алтын доп” алуды емес, бірнешеуін алуды армандаймын, дедім. Мен бұған қабілеттімін. Егер оған жете алмасам, бұл менің бір жерден қателескенім немесе шын мәнінде қаламағаным. Арманым көп. Сол күн келгенде бақыттымын, бірақ сонымен тоқтап қалмай, командамен бірге жеңістерді жалғастырғым келеді.” – деді Ямаль Barca Universal подкастына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET