Жарнама
Жарнама

Ламин Ямал Испания Короліне құрметсіздік көрсетті

28.04.2025, 13:55

Ламине Ямал сенбі күні түнде "Реал Мадридті" жеңіп, Барселонаның Копа дель Рейдегі дүрбелеңге толы жеңісінен кейін Испания короліне құрметсіздік көрсетті деп айыпталды.

Жарнама
Жарнама

17 жастағы футболшы Севильядағы “Ла Картуха” стадионында өткен финалда 120 минут толық ойнады. 

Ямал матч соңындағы қылықтарымен сынға ұшырады. 

ESPN арнасы таратқан видеода Барселона ойыншылары медальдарын алып, марапаттау рәсімінде ресми тұлғалармен амандасып жатқан сәт көрсетілген. Осы жерде Ямал екі көзілдірік тағып, жейдесін теріс айналдырып киіп шықты.

Ол медальын алуға бара жатып Испания Королі Фелипе VI-мен амандасқан сәтінде жұрттың назарын аударды. Әдеттегі қол алысудың орнына, Ямал корольмен “dap” (алақанды соғыстырып, еркін құшақтасу) амандасу әдісін қолданды.

Айта кету керек, король бұған дейін де Ямалмен бірнеше рет кездескен, оның жас бола тұра сонша талантты екеніне таңданған болатын. Олар 2024 жылғы Еуро финалында Испания Англияны жеңген соң да жүздескен болатын.

Дегенмен, бұл жолғы амандасу әлеуметтік желі қолданушыларының арасында наразылық туғызды.

Бір жанкүйер X әлеуметтік желісінде бұны “құрметсіздік” деп жазды. Тағы бірі: "Нағыз Z ұрпағы ғой.” деді. Ал тағы бір қолданушы: "Мұны Реал Мадрид ойыншысы істесе, оны бірден шеттететін еді.” деп пікір қалдырды.

Айболат Өнер

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров