Жарнама
Жарнама

Ламин Ямал әкесіндей адамға қарсы сөйледі. “Мәселе эгода емес”

03.09.2025, 14:55

"Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямал командасының бас бапкері Ханси Фликтің сөзіне ашық пікір білдірді. Неміс маманы "Райо Вальеканом" (1:1) болған ойында ұпай жоғалтқаннан кейін ойыншылардың ұжымшылдыққа көбірек көңіл бөлуі керектігін айтып, "Эго жақсылыққа апармайды" деп ескерткен еді.

Жарнама
Жарнама

Фликтің бұл сөзін жартылай қорғаушы Педри құптаса, Ямал оған қарсы ой білдірді. Жас шабуылшы RTVE арнасына берген сұхбатында:

"Меніңше, мәселе эгода емес. Біз маусымды өткен жылдың соңындағыдай қарқынмен бастаған жоқпыз. Бірақ ең бастысы жеңу. Біз үш сырт алаңдағы қиын ойында жеті ұпай жинадық, бірақ бұл туралы ешкім айтпайды.” – деді ол.

Сонымен қатар Ямал Фликтің кейбір сындарымен келісетінін де жасырмады:

"Ол дұрыс айтады, біз көп қателіктер жібердік, бірақ ондай болады. Енді өз деңгейімізге тезірек оралуымыз қажет. Біз әлі төрт Чемпиондар лигасын да, төрт Ла Лига титулын қатарынан жеңіп алған жоқпыз. Біз жаспыз, әлі талай жеңіске ашпыз, бізге тұрақтылық қажет.” – деп қосты.

Осылайша, Ламин Ямал өзінің жасына қарамастан жауапкершілікті сезініп, командаға жаңа серпін беруге тырысатынын көрсетті. Ал Ханси Флик пен ойыншылар арасындағы бұл пікірталас маусым бойы "Барселонаның” ойынында қалай көрініс табатынын уақыт анықтайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров