Футбол әлемінде күтпеген рекорд тіркелді, деп хабарлайды Aladop.kz.
2025 жылы "Барселона” вингері Ламин Ямалдың формасы әлемде ең көп сатылған футбол киімі ретінде тіркелді. Бұл нәтижемен ол Лионель Мессиден асып түсті.
Зерттеу нәтижелері бойынша Ламин Ямал есімді жейделер 1,315 миллион данаға сатылды.
Екінші орынды Аргентиналық аңыз Лионель Месси иеленді. Оның "Интер Майами" мен Аргентина құрамасының формалары жалпы 1,278 миллион дана сатып алынды.
Үшінші орынға Поляк шабуылшысы Роберт Левандовски жайғасты - оның формасы 1,110 миллион дана сатылды. Үздік бестікті "Реал Мадрид" жұлдыздары толықтырды. Килиан Мбаппе 1,020 миллион, ал Винисиус Жуниор 992 мың дана форма сатумен кейінгі орындарды иеленді.
Біздің серіктес: FONBET