Испаниялық БАҚ-та футболшы Ламин Ямалдың отбасы жайлы жаңа жаңалық қызу талқылануда. Белгілі болғандай, Ямалдың әкесі Кристина есімді 23 жастағы қызбен бірге ортақ жазба жариялаған.
Пост астындағы сақина эмодзилері жұптың ресми түрде отау құрғанын аңғартқандай. Бұл жағдайды кейбір Испандық басылымдар да растап отыр.
Кристина — Мадагаскар тумасы, ол Ямалдың анасы Мунира Насрауиден 16 жас кіші екен.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа таңғалып, түрлі пікір қалдыруда. Көпшілігі әлеуметтік желіде:
“Бұл отбасында не болып жатыр өзі?” — деп таңданысын жасыра алмауда.
Біздің серіктес: FONBET