Тер Штеген мен "Барселона" арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына не әсер еткені белгілі болды.
Испаниялық Marca басылымының хабарлауынша, қақпашы Марк-Андре тер Штеген мен "Барселона" арасындағы қарым-қатынастың реттелуінің басты себебі Неміс футболшысы мен клуб президенті Жоан Лапорта арасындағы жеке әңгіме болған.
Дереккөз мәліметінше, екі тарап та арадағы жанжалдың ешкімге пайда әкелмейтінін түсінген. Бұған қоса, мұндай жағдай Каталондық клубтың имиджіне де кері әсерін тигізетін еді.
7 тамызда “Блауграна" ресми түрде тер Штегенге қатысты тәртіптік істі бастағанын және одан капитандықты алғанын хабарлаған. Ал 8 тамызда "Барселона" бұл істің жабылғанын және 33 жастағы қақпашыға капитандықтың қайтарылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін БАҚ тер Штегеннің арқа омыртқасына жасалған отадан кейінгі қалпына келу мерзімі жөніндегі бағалауда клубпен келіспегендіктен медициналық қорытындыға қол қоюдан бас тартқанын жазған. Сондай-ақ, бұл әрекеті арқылы Неміс қақпашысы “Блаугранаға" жаңа қақпашы Жоан Гарсияны тіркеуге кедергі келтіргісі келеді деген нұсқа да тараған еді.
Біздің серіктес: FONBET