Жарнама
Жарнама

“Лас-Пальмас” капитаны обырды екінші рет жеңіп, футболға қайта оралды

09.07.2025, 15:30

"Лас-Пальмас" командасының капитаны Кирьян Родригес екінші мәрте обырды жеңіп, футболға қайта оралды. Бұл туралы Испаниялық клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады. 29 жастағы жартылай қорғаушы химиотерапияны сәтті өтіп, кәсіби мансабын жалғастыратын болды.

Жарнама
Жарнама

Кирьянға 2022 жылы Ходжкин лимфомасы диагнозы қойылған болатын, ал биылғы ақпанда дерт қайта қозды. Осыған байланысты Родригес футболдағы мансабын уақытша тоқтатып, ем қабылдауға шешім қабылдады.

Қазіргі таңда ол клуб базасында медициналық тексеруден сәтті өтіп, командамен бірге жаңа маусымға дайындықты бастады.

Кирьян Родригестің "Лас-Пальмаспен" жасасқан келісімшарты 2028 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.

Transfermarkt порталы 29 жастағы Родригестің нарықтық құнын 1 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров