Жарнама
Жарнама

«Лацио» шабуылшысы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін

27.03.2022, 17:19
Италия құрамасы біраз уақыт бойы ірі турнирлерге қатыспайды.
Жарнама
Жарнама

«Лацио» клубының шабуылшысы Чиро Иммобиле Италия құрамасындағы мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Calciomercato.

Дереккөздің хабарлауынша, 32 жастағы шабуылшы әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, бірақ футболшы алдағы уақытта бар назарын клубтағы ойынына аударғысы келеді.

Иммобиле 2014 жылдан бері Италия құрамасында ойнап келеді. Ол «Скуадра Адзурра» сапында 55 матч өткізіп, 15 гол соқты. Италия құрамасымен бірге 2020 жылғы Еуропа чемпионы атанды.

Еске салайық, әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі плей-офф матчында италиялықтар Солтүстік Македониядан жеңіліп қалды (0:1). Осылайша, төрт дүркін әлем чемпиондары қатарынан екінші рет әлем чемпионатынан тыс қалды. 2017 жылы Италия Швеция құрамасынан жеңіліп, 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына шыға алмаған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров