Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек Латвияға қарсы рейтингтік жолдастық кездесуге дайындалатын футболшылардың есімдерін атады. Айта кетейік, бұл матч ақпанның 29-ында Түркияның Анталия қаласында өтеді.
Қақпашылар: Владимир Логиновский («Жетісу»), Антон Цирин («Ақжайық»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»)
Қорғаушылар: Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Марк Гурман («Астана»), Нұртас Кургулин («Тараз»), Михаил Рожков («Астана»), Александр Киров («Шахтер»), Қайрат Нұрдаулетов («Астана»), Мұхтар Мұхтаров («Астана»), Евгений Горячий («Астана»), Елдос Ахметов («Тараз»)
Жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Марат Шахметов («Астана»), Жамбыл Көкеев («Шахтер»), Виталий Евстигнеев («Ақтөбе»), Бауыржан Исламхан («Тараз»)
Шабуылшылар: Сергей Остапенко («Астана»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Гридин («Астана»), Сергей Хижниченко («Шахтер»), Алексей Щеткин («Жетісу»)
Қазақстан және Латвия ұлттық құрамаларының жолдастық кездесуі қос команданың оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді. Біздің құраманың жиыны 22 ақпаннан наурыз айының 1-іне дейін жалғасады.
http://kff.kz