Даниялық Микаэль Лаудруп "Реал" командасынан шақырту келгендігін мәлімдеді. "Суонси" командасының бас бапкеріне осының алдында "Эвертон" командасы ұсыныс тастаған. Бірақ білікті маман ол ұсыныстан бас тартты. енді ол "Реалдың" жасап отырған жағдайларына келісуі әбден ықтимал дейді еуропалық футбол аналитиктері. Оның үстіне Карло Анчелотти "Реалға" келмейтіндігі тағы анық.