“Интердің” аргентиналық шабуылшысы Чемпиондар Лигасындағы ең нәтижелі аргентиналықтардың үштігіне кірмекші.
Ол үшін Лаутаро бүгін “Қайратқа” екі гол соқса жеткілікті. Сол арқылы шабуылшы өз отандасы Эрнан Кресподан 26 голмен аргентиналық сұрмергендер тізімінде үздік үштікке кіреді. Қазірде альбиселесте елінің Чемпиондар Лигасындағы көш басындағы қос дарабоздары ретінде Лионель Месси (129) мен Серхио Агуэро (41 гол) танылуда.
Осы маусымда Лаутаро “Юнион” Сент-Жилуаз бен “Славия” Прага (дубль) командаларына гол соқты.
Еске салсақ, 28 жастағы аргентиналық форвард Чемпиондар Лигасындағы алғашқы голын 2019 жылдың 2 қазанында Барселона қақпасына соққан болатын. Ойынның 2 минутында “Интер” Лаутаро көмегімен есепте алға шыққанымен, уақыт өте алаң иелері Луис Суарес дублімен жеңісті жұлып әкетті.
Біздің серіктес: FONBET