Қазақстан премьер-лигасының 7-тур ойындары көптеген күтпеген нәтижелерге толы болды. Атап өтер болсақ, көкшетаулық «Оқжетпес» биылғы біріншіліктегі алғашқы ұпайына сырт алаңда «Астананы» ірі есеппен ұтып қол жеткізді. Сондай-ақ, қызылордалық «Қайсар» өз алаңында турнирлік кестеде топ бастаған «Ертісті» 2:0 есебімен ұтты. Биылғы біріншілікте өз алаңында жеңіске жетпеген екі команда болған еді. Олар: «Қайсар» мен «Оқжетпес» болатын. Осы турда осы аталған екі аутсайдер команда керемет жеңіске қол жеткізіп, ішкі командалық жағдайларын жақсартып алды.
Қызылордада «Ертісті» қабылдаған алаң иелері гол соғуды қатыратын қонақтардық шабуылына тойтарыс берумен айналысқан. Тек қызылордалықтар қарымта шабуылда ғана гол соғудың мүмкіндіктерін іздестіріп жатты. Соның бірі ұзақ созбай өз жемісін берді. Асхат Тағыберген соққан гол алаң иелеріне кішкене де болса сенімділік сыйлап, қорғанысқа мықтап бекінуге жағдай жасады. Үлкен күшпен шабуылдаған керекуліктер «ойнап жүріп от басты». Екінші гол тіпті кездесу тағдырын шешіп тастағандай әсер қалдырды. Осылайша осы маусымда «Қайсар» жергілікті жанкүйер алдында желпініп, жеңіске жетті. «Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» менсінбеді. Қалпақпен ұрып алатындай кейіпте алаңға шыққан елордалықтар пенальтиден есеп алып, алға шыққан болатын. Бірақ, екінші таймдағы жағдай тіпті басқаша сценариймен өрбіді. Матч барысы осылайшы өрбиді дегенге қазақстандағы ешбір футбол жанкүйері сенбес те еді. Дегенмен, футболдың да қызығы осындай жағдайда көрінсе керек. Көкшетаулықтар Чегалашвилидің арқасында төрт гол соғып кішігірім сенсациялық нәтижені тіркеді.
7-тур. «Атырау» — «Шахтер» 0:2 (0:1) Голдар: Хижниченко 45 (0:1), Финонченко 71 (0:2). «Жетысу» — «Акжайык» 1:2 (1:1) Голдар: Нұргалиев пенальти 15 (1:0), Азовский 22 (1:1), Хлебоун 76 (1:2) «Тараз» — «Ордабасы» 2:1 (1:1) Голдар: Лечич 12 (1:0), Тәжімбетов 15 (1:1), Лечич 50 (2:1) «Сұңқар» — «Тобыл» 0:0 «Астана» — «Окжетпес» 1:4 (1:0) Голдар: Дикэ пенальти 6 (1:0), Чагелишвили 51 (1:1), Чагелишвили 88 (1:2), Бейсебеков өз қақпасына 90 (1:3), Чагелишвили 90 (1:4) «Қайсар» — «Ертіс» 2:0 (1:0) Голдар: Малков 45 (1:0), Молдақарев 83 (2:0). «Ақтөбе» — «Қайрат» 1:1 (0:1) Голдар: Мамонов 35 (0:1), Хайруллин пенальти 69 (1:1) Алаңнан қуылған: Малетич 73 Футбол. Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига О Ұ Т Ұ Д Ұ 1 «Ақжайық» 7 5 1 1 13 - 6 16 2 «Шахтер» 7 5 0 2 13 - 5 15 3 «Тараз» 7 5 0 2 8 - 5 15 4 «Ертіс» 7 4 2 1 15 - 6 14 5 «Тобыл» 7 4 2 1 15 - 9 14 6 «Ордабасы» 6 3 2 1 9 - 5 11 7 «Атырау» 7 2 2 3 8 - 10 8 8 «Ақтөбе» 7 2 2 3 7 - 5 8 9 «Қайрат» 7 2 2 3 7 - 10 8 10 «Астана» 6 2 1 3 9 - 12 7 11 «Жетісу» 7 2 0 5 10 - 18 6 12 «Сұңқар» 7 1 3 3 2 - 8 6 13 «Қайсар» 7 1 1 5 7 - 13 4 14 «Оқжетпес» 7 1 0 6 7 - 18 3 Мергендер Д (П) 1 Жолшиев Бауыржан «Тобыл» 6 (0) 2 Юнузович Эдин «Жетісу» 5 (0) 3 Чагелишвили Давид «Оқжетпес» 5 (0) 4 Лечич Мирослав «Тараз» 4 (0)Біздің серіктес: FONBET