«Атырауда» өнер көрсеткен польшалық қорғаушы Павел Барановский Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Легия» мен «Ақтөбенің» теке-тіресі туралы ойын айтып, жеңімпазға қатысты болжам жасады.
«Қағаз жүзінде, менің ойымша, «Ақтөбемен» матчта «Легия» фаворит болып табылады. Бірақ қазір Польша клубында көптеген кадрлық өзгерістер жүріп жатыр, ал ойынға өте аз уақыт қалды. Сондықтан «Ақтөбенің» келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі мол деп ойлаймын. Қазақстандықтар үшін үлкен артықшылық – ол жақта маусым бел ортасына жетті, ал «Легияда» олай емес. Осы тұста айта кету керек: Польша мен Қазақстанның ең үздік фанаттары кездесейін деп жатыр. Екі стадионда да керемет атмосфера болады. Күштісі жеңіске жетсін», - деді П. Барановский BorodAbata.kz» сайтының тілшісіне.
Қос команда алдымен 11-шілдеде Польшада кездеседі. Ал қарымта ойын 17-шілдеде Ақтөбенің алаңында болады.
Біздің серіктес: FONBET