Жарнама
Жарнама

«Легия» бас бапкері «Ақтөбеге» қарсы өткен ойын жайлы: нәтижеге көңіл толмайды, оны қабылдай алмаймын

11.07.2025, 09:56

«Легия» клуының бас бапкері Эдвард Иордэнеску Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбемен» өткен ойынды қортындылап, нәтижеге көңілі толмайтынын жеткізді.

«Легия» - «Ақтөбе» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Варшавада болған бәсекеде алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті. 

«Ақтөбемен» матчта ойын ырғағында айырмашылық боларын білдік. Біз маусымды енді бастап жатырмыз, ал қарсыластарымыз бабында. Оның уақытпен келетініне сенімдімін, қазір қалпымызға келуді ойлауымыз керек. Нәтижеге көңіл толмайды, оны қабылдай алмаймын. Бұдан да көп гол соға алатын едік, әлдеқайда қарқынды ойын күттім. Команданың көңіл-күйі дұрыс болды. Көп жүгіріп, барымызды салып ойнадық. Бірақ бізге әлдеқайда салмақты шешім қабылдап, гол салатын мүмкіндікті көбірек жасау қажет», - деді Э. Иордэнеску польшалық клубтың баспасөз- қызметіне берген сұқбатында.

Командалар 17-шілдеде Ақтөбеде кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров