«Легияның» бас бапкері Эдвард Иордэнеску Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбемен» болатын матч туралы ойымен бөлісті.
«Ақтөбе» жақсы команда. Олар маусымның ортасына жетті әрі ойын ырғағында. Төрт-бес жаңа футболшылары бар. Еурокубоктік тәжірибелері де жеткілікті. Мүмкін, онда айтарлықтай жетістікке жетпеген де шығар, әйтсе де бұл азулы қарсылас. Бізді үлкен сынақ күтуде және оған дайын болуымыз тиіс. Матчтың басынан-аяғына дейін тек қана жеңіске жетуді ойлауымыз керек», - деді Э. Иордэнеску польшалық клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
Командалардың бірінші ойыны бүгін түн ауғанда Варшавада, ал қарымта кездесу 17-шілдеде Ақтөбеде болады.
Біздің серіктес: FONBET