Қазақстандық бапкер Болат Есмағамбетов легионерлерге қатысты заңға қатысты өз пікірін айтты.
«Көрші Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерде футбол туралы заң қабылданып, соңғы екі жылда көптеген спорт кешендері тұрғызылды. Бішкекте жақында 45 мыңдық заманауи стадионның құрылысы аяқталмақ. Ал клубтардың тікелей қаржыландырудан шығуына байланысты айтар болсам – осы жазда шетелдік футболшыларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға қатысты заң өзінің күшіне енетін секілді. Міне сол кезде клуб басшыларына әкімдіктен бөлінетін қаржыны тек жан-жаққа бөлетін есепші емес шын мәніндегі менеджерға айналуға тура келеді. Бұл жерде біраз жағдаяттар бар, соларды да ескеру керек. Мұндағы негізгі міндет - қыруар қаржыны балалар мен жасөспірімдер футболына жұмсау», - деді Б. Есмағамбетов.
Айта кетейік, биылдан бастап легионерлердің жалақысын жергілікті бюджеттен төлеуге тиым салатын заң қарастырылуда. Жаңа заңнама ҚР Парламенті мен Сенатының талқылауы мен мемлекет басшысының құптауынан өткен соң ол өз күшіне енбек.
Біздің серіктес: FONBET