Жарнама
Жарнама

Лейла Садықова: «Ұшымшылдық пен ұйымшылдықтың арқасында турнирде жеңіске жеттік»

26.07.2018, 03:52
Жарнама
Жарнама
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Бішкектен «Үміт» халықаралық турнирінің жеңімпазы болып оралды. Біздің команданың капитаны Лейла Садықова Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне турнирді қорытындылап, сұхбат берді: - Лейла, жеңісіңізбен құттықтаймыз! Турнирден алған әсеріңізбен бөлісіңіз? - Рақмет! Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біздің қыздар әр ойында бар күштерін салып ойнады. Теңдесіз тәжірибе жинадық. Осындай жарыстардың жиі ұйымдастырылғанын қалаймын. - Жеңіс жолын қалай өттіңіздер? - Ең алдымен ұжымшылдық пен ұйымшылдықтың арқасында турнирде жеңіске жеттік. Екіншіден, Қазақстан футбол федерациясы оқу-жаттығуы жиынын жиі өткізеді. Сол себепті бір-бірімізді жасыл алаңда жақсы ұғынамыз. - Турнирдегі ең ауыр ойын қайсы? - Алғашқы ойын ең ауыр болды деп санаймын. Өзбекстан құрамасымен 1:1 есебімен тең түстік. - Екінші кездесуде жарақат алып, шешуші ойынға қатыса алмадыңыз. Жарақатыңыз ауыр ма? - Қырғызстанмен ойында сол аяғымның тізесінің сіңірін жарақаттап алып, жарысты жалғастыра алмадым. Дәл қазір барлығы жақсы. Жазылу процесі жылдам өтеді деп үміттенемін.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров