14 қазан күні Италия жерінде болатын кездесудің қауіпсіздік деңгейі жоғары болмақ.
Удинедегі 25 мың адамды құрайтын стадионға ертең тек 5 мың жергілікті фанат қана кіре алатын болды. Олардың өзін спорттық нысанға кіре берісте қарулы күзет жіті тексеретін болады. Одан тағысы, кинологтар, саперлер және ұшқышсыз ұшу апараттары футбол матчы болатын аумаққа бақылау орнатады. Стадионға жұмысқа жұмылдырылған азаматтар Израильдің 51 фанатын қорғайтын болады.
Неге десеңіздер? Италияда Палестинаны қорғаушы адамдар тобы күн санап көбейіп барады. Ертеңгі кездесуде еврейлерді жек көрген халық стадионда үлкен төнкеріс орнатуы ғажап емес. Сол себептен, арнайы күзеттің арқасында қонақ команданың жанкүйерлеріне футболды қауіпсіз атмосферада көре алады.
Айта кетейік, Италия - Израиль кездесуін ертең сағат 23:45 тамашалауға болады.
Біздің серіктес: FONBET