Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан мен Қазақстан FIFA рейтингісіндегі жаңа орындарын білді

10.07.2025, 19:13

Өзбекстанның ұлттық футбол құрамасы FIFA жаңартылған рейтингінде екі сатыға көтеріліп, әлемдік тізімде 55-орынға ие болды. Ал Қазақстан керісінше бір саты төмендеп, 114-орынға тұрақтады.

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан Азия футбол конфедерациясы (АФК) рейтингінде де өз позициясын нығайтып, Ирак пен Біріккен Араб Әмірліктерінен озып, алтыншы орынға тұрақтады. Еске салайық, Өзбекстан құрамасы АФК іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша, A тобының екінші орнын иеленіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Ал Қазақстан құрамасы маусым айында Беларусьпен жолдастық кездесу өткізіп (1:4), және Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға (0:1) есе жіберген болатын. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: