Футбол тарихында бұрын-соңды болмаған технологиялық төңкеріс орын алуда. Жақындап қалған 2026 жылғы Әлем чемпионатының ресми добы — “Adidas TRIONDA” футбол сүйер қауымды аң-таң қалдырды. Бұл жай ғана былғары доп емес, әр матчтың алдында кәдімгі смартфон сияқты қуаттағышқа қосылуды талап ететін нағыз робот-технология болып шықты, деп хабарлайды Aladop.kz. Мундиал тарихындағы ең ақылды бұл доптың құпиясы неде?
"Adidas TRIONDA” добының ішіне арнайы жоғары технологиялық микрочип орнатылған. Салмағы небәрі 14 грамм болатын бұл датчик 500 Гц жиілікте жұмыс істейді. Бұл дегеніміз — доп секунд сайын 500 рет қозғалыс мәліметтерін жинап, талдап отырады деген сөз.
Доптың басты кабельдік қасиеттері:
– Уақыт: Доптың ұшу жылдамдығын, айналу траекториясын нақты уақытта есептейді.
– Міндетті қуаттау: Ішіндегі чип үздіксіз жұмыс істеуі үшін, кез келген электронды құрылғы сияқты, әрбір матчтың ысқырығына дейін оны толықтай қуаттап алу міндетті.
– Стадион камераларымен байланыс: Тікелей эфирдегі 3D модель.
Бұл ғажайып доп тек өздігінен жұмыс істемейді. Ол стадионның төбесіне орнатылған ондаған интеллектуалды камералармен тікелей байланысқа түседі. Осының арқасында жүйе алаңдағы әрбір ойыншы мен доптың қозғалысын қатар бақылап, матчтың тірі 3D моделін жасап шығарады.
Бұл технология футболдағы қандай дауларды тоқтатады?
– Мүлтіксіз офсайд: Төрешілер миллиметрлік офсайдтарды секунд ішінде анықтайды.
– Сызықтан өткен гол: Доптың қақпа сызығын қиып өткен-өтпегенін анықтау енді ешқандай күмән тудырмайды.
– VAR шешімдері: Видео-төрешілер кез келген даулы сәтті секундқа 500 рет жаңартылатын нақты цифрлық деректерге сүйене отырып шешеді.
2026 жылғы Әлем чемпионатындағы ешбір қателік жазасыз қалмайды және әрбір төрешілік шешімнің артында ғылыми дәлдік тұрады. Футбол жанкүйерлері енді бапкерлер мен ойыншылардың қателігін ғана емес, доптың қуаты таусылып қалмайтынын да бақылайтын жаңа дәуірге қадам басты.
Біздің серіктес: FONBET