Еуропалық футбол қауымдастығы Шотландияның «Селтик» және алматылық «Қайрат» командалары арасындағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчын басқаруға сеніп тапсырылған төрешілер құрамын жариялады.
Кездесудің бас төрешісі – Норвегия өкілі Эспен Эскос. Оған қапталдағы көмекшілер ретінде отандастары Ян-Эрик Энган мен Андерс-Олав Дале тағайындалды.
Эспен Эскос бұған дейін 2023 жылы 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатының финалында Германия – Франция ойынында бас қазы болған. Сондай-ақ, ол Париж Олимпиадасында да 3 ойынға төрелік жасады.
VAR жүйесінің жұмысына нидерландтық рефери Деннис Хиглер жауап береді, оған Эрвин Бланк көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Нидерландтан келген Мариус Хансен-Гретта атқарады.
Алғашқы ойын 21 тамыз күні астаналық уақытпен 00:00-де Глазгодағы аңызға айналған «Селтик Парк» аренасында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET