Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионатының сұрмергені Қазақстан мен Польша клубтарына ұсынылды – Трансферге не кедергі?

Бүгін, 07:14

"Реал Мадридтің" бұрынғы ойыншысы Колумбиялық Хамес Родригес жаңа клуб іздеу үстінде, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Мәліметтерге сәйкес, ойыншының өкілдері оны бірнеше елдің, соның ішінде Қазақстан Премьер лигасының командаларына да ұсынған.

Бұған дейін Хаместің есімі "Ақтөбе” клубының трансферлік тізімінде жүргені айтылған болатын. Алайда, тек Қазақстандық клубтар ғана емес, Еуропаның өзге де ортанқол командалары бұл футболшыны өз қатарынан көргісі келеді.

Журналист Давид Добраштың айтуынша, Родригестің кандидатурасы Польшаның "Краковия” клубына және тағы бірнеше ұжымға ұсынылған. Бірақ бұл жердегі ең үлкен мәселе — футболшының жоғары жалақы талабы.

"Хамес сияқты ойыншының Польша лигасына келуі әбден мүмкін, бірақ оның қаржылық тәбетін қанағаттандыра алатын клубтар саусақпен санарлық. Қазіргі таңда оған Түркия тарапынан да қызығушылық бар екені туралы ақпарат тарауда.” — дейді Добраш.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров