“Барселона” командасы 33 жастағы “Аль-Иттихад” ойыншысы Н’ Голо Кантені қатарына қосқысы келеді екен.
Германияда өткен Еуропа чемпионатында жақсы өнер көрсеткен Канте блауграна назарына ілініпті. Каталондық ұжым “Аль-Иттихадқа” жақын аралықта ұсыныс жасамақшы. Саудиялық команда мүмкіндік болса, ойыншысының бағын байламай жіберуге дайын
Осы маусымда Н’ Голо барлық турнирлерде 44 ойын өткізіп, 4 гол мен 6 голдық пас берді. Футболшының қазіргі клубындағы келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды. Трансфермаркет порталы Кантені 9 млн еуроға бағалайды.
Еске салсақ, тіреуіш жартылай қорғаушы Франция сапында 2018 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: FONBET