"Челси" командасының бас бапкері Фрэнк Лэмпард Дидье Дрогбамен бірге жасаған АПЛ рекордын "Тоттенхэмнің" шабуылшылары Харри Кейн мен Сон Хын Миннің жаңартуға қабілетті екенін мәлімдеді.
"Кейн мен Сон біздің рекордымызға қауіп төндіреді. Менің ойымша, олар мұны еш қиындықсыз жаңарта алады. Мен бұған күмәнданбаймын. Рекорд - Дидье екеуміз белгілі бір дәрежеде мақтана алатын нәрсе, бірақ бұл футбол, және рекордтар үнемі жаңарып отырады. Жоғары деңгейіндегі ойыншылар әрқашан үлкен жетістікке жете алады.
Мен "Тоттенхэмнің" шабуыл шебіндегі қауіп төндіретін ойыншыларын білемін. Олар көрсетіп жүрген нәтижеге қараңыз. Олардың ойыны және өзара түсіністігі керемет", - деді Лэмпард Goal.com сайтына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, "Челсидің" екі экс-ойыншысы - Фрэнк Лэмпард пен Дидье Дрогба - нәтижелі әрекет саны бойынша ең үздік дуэттер тізімінде көш бастап келеді, олардың еншісінде 36 нәтижелі әрекет бар, ал Кейн - Сон жұбында 29-ды құрайды.
Біздің серіктес: FONBET