Жарнама
Жарнама

Леонардо: «Килиан біздің командадан тегін кетпеуге уәде берді»

26.08.2021, 15:26
Леонардо 2017 жылы Мбаппе үшін төленген ақшаны қайтарғысы келеді.
Жарнама
Жарнама

"Пари Сен-Жермен" клубының спорттық директоры Леонардо Килиан Мбаппенің болашағы мен "Реал Мадридтің" ұсынысы жайлы пікір білдірді:

"Килиан Мбаппе "Реалға" ауысқысы келеді, біз оны ұстап қалмаймыз. Біз мадридтік клубтың алғашқы ұсынысын қабылдамадық, бірақ егер келесі ұсынысы біздің көңілімізден шықса, ойланып көреміз.

Біз "Реал Мадридтің" 160 миллион еуроны құрайтын ұсынысын қабылдамаймыз. "Реалмен" қайтадан байланысқа шығу ойымызда жоқ. Олар жаңа ұсыныс жасай ма? Мен білмеймін. Мен олардың көзқарасына қатысты бір ғана нәрсе айта аламын. Олар екі жыл бойы Мбаппемен және оның жанұясымен байланыста болды.

Біз ешқашан Килиан Мбаппенің кетуіне жол бермедік. Ешқашан. Бірақ егер ойыншы кеткісі келсе, біздің шарттарымыз орындалуы тиіс.

"Реал Мадрид" бізден "жоқ" деген жауапты естіп, Мбаппені тегін алу үшін бір жыл күту мүмкін. Мұны стратегия десем де болады. Бірақ Килиан біздің командадан тегін кетпеуге уәде берді.

Біз Мбаппе үшін екі маңызды ұсыныс жасадық: біреуін екі ай бұрын, екіншісін жақында ғана. Біз оның маңызды ойыншы екенін дәлелдегіміз келеді, ол біз құрған жобаның негізі болып табылады", - деді Леонардо Араужо L'Equipe басылымына берген сұзбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров