Леонарду Жардим: «Қақпамызға пенальти қойылмауы керек еді»
15.04.2015, 16:28
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар лигасындағы «Ювентус» пен «Монако» кездесуінен кейін француздардың бас бапкері Леонарду Жардим ойын нәтижесінің әділетсіз екенін айтты.
«Матчтың нәтижесі әділетсіз. Қақпамызға пенальти қойылмауы керек еді. Біз де өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, әсіресе ойынның басында. Матчтың нәтижесі алаңда болған ойынды толық ашып бере алмайды», - деді Жардим.
Естеріңізге сала кетсек, Туринде өткен кездесу 1:0 есебімен «Ювентустың» пайдасына шешілген болатын. 57-минутта Артуро Видель пенальтиден көзге түсті.