Молдова футбол федерациясының президенті Леонид Олейниченко Ұлттар лигасының жеребе қорытындысына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жаңа маусымда Молдова құрамасы Қазақстан, Словакия және Фарер аралдарымен бір топта бақ сынайды.
Федерация басшысы бұл топты оңай деп есептемейді. Оның айтуынша, алдағы ойындарда шиеленісті бәсеке күтіп тұр.
Олейниченко Молдова құрамасының бұған дейін Қазақстан және Фарер аралдарымен кездескенін тілге тиек етті:
"Біз үшін бұл — өте күрделі топ. Словакиядан басқа қарсыластардың деңгейін жақсы білеміз. Жақында ғана Қазақстанмен және Фарер аралдарымен жасыл алаңда жолықтық. Бұлар — қарымды ұжымдар, сондықтан алғашқы екі орын үшін тартыс өте қызу болады.” — деді ол.
Молдова футбол басшылығы құраманың алдына нақты талаптар қойып отыр. Негізгі басымдық — С лигасындағы орынды сақтап қалу болса, екінші кезекте — барынша жоғары нәтиже көрсету.
Біздің серіктес: FONBET