Жарнама
Жарнама

«Лестер Сити» Дания құрамасының қорғаушысымен толықты

14.08.2021, 17:07
Бұл қорғаушы ауыр жарақат алған Уэсли Фофананы алмастырады.
Жарнама
Жарнама

"Саутгемптон" мен Дания құрамасының қорғаушысы Янник Вестергор мансабын "Лестер Сити" клубында жалғастырады.

Қос тарап арасындағы келісім-шарт 2024 жылға дейін есептелген. Трансфер құны 15 миллион еуроны құрады. Янник жаңа командасында 23-нөмірмен ойнайтын болады. Бас бапкер Брэндан Роджерс бұл ойыншыны ауыр жарақат алған Уэсли Фофананың орнына алды.

Вестергор "Саутгемптонға" 2018 жылы қосылды, ал оған дейін "Боруссия Мёнхенгладбах", "Вердер" және "Хоффенхайм" клубтарында доп тепкен. Өткен маусымда Премьер-лигада 30 ойын өткізіп, үш гол соқты, үш сары қағаз және бір қызыл қағаз алды.

Осы жазда Янник Дания құрамасымен бірге 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров