Жарнама
Жарнама

Левандовски 2020 жылдың ең үздік ойыншысы атанды

17.11.2020, 18:58
Роберт бұл жылы берілмеген «Алтын допты» келесі жылы алуға тырысып көреді.
Жарнама
Жарнама

"Баварияның" 32 жастағы шабуылшысы Роберт Левандовски Дүниежүзілік футбол саммиті мен AS басылымының шешімімен 2020 жылдың ең үздік ойыншысы деп танылды.

Пайдаланушылар мен арнайы қазылар алқасының дауыс беру процесі кезінде Роберт командаласы Йозуа Киммих пен "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді айналып өтті.

Левандовски осы маусымда "Бавария" сапында барлық турнирдерде 11 ойын өткізіп, 13 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. 2019/2020 маусымда ол 47 матчта бой көрсетіп, 55 голымен және 10 нәтижелі пасымен көзге түсті. Оның "Бавариямен" келісімі 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды және трансферлік құны 60 миллион еуроға бағаланады.

Естеріңізге сала кетейік, Роберт Левандовски 2014 жылы "Баварияға" Дортмундтық "Боруссиядан" еркін агент ретінде ауысып келген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров