Левандовски 45-ші голын соғып, жеке рекордын орнатты

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски 45-ші голын соғып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Поляк форвардының кезекті рекорды Германия Кубогынде "Айнтрахтқа" қарсы өткізген жартылай финалда орын алды. Дәл сол ойында Левандовски осы маусымдағы 39-шы ойынын өткізіп, 45-ші голын соқты.

31 жастағы ойыншының бүған дейінгі жеке рекорды 2016/17 маусымда орнаған болатын. Ол маусымда поляк 47 ойында 43 гол соққан еді.