"Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски Ла Лигадағы голдар көрсеткішін қайта жақсарта түсті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Чемпионаттың 13-турында "Атлетикке” қарсы өткен матчтың 3-минутында есепті ашқан Поляк форварды маусымдағы 8-голын соқты.
8 гол — Левандовскиге Ла Лига бомбардирлер рейтингінде екінші орыннан көрінуге мүмкіндік беріп отыр.
Ал әзірге ең көп гол соққан футболшы Килиан Мбаппе. Франциялық жұлдыз сұрмергендер тізімін 13 голмен, жеке-дара көш бастап тұр.
Осылайша Левандовски мен Мбаппе арасындағы айырмашылық 5 голға қысқарды.
Біздің серіктес: FONBET