Жарнама
Жарнама

Левандовски үздік нәтиже тіркеді

Роберт Левандовски Криштің ерлігін қайталады.

Жарнама
Жарнама

РОБЕРТ ЖӘНЕ «БАРСЕЛОНА» 

Левандовски жаңа командаға ауысса да, алдына келген допты қақпаға дарытудан жалығар емес. 2022/23 жылғы маусымда 36 гол соғып, 11 нәтижелі пас берсе, былтыр қарсылас қақпасына 31 гол, әріптестеріне 11 мәрте нәтижелі пас шығарған. Осы маусымдағы нәтижесі де жаман емес. Қатардан қалғысы келмейтін Роберт жаңа маусымда 12 гол, 4 нәтижелі паспен көзге түсті. Енді әңгімеміздің төркініне оралайық.

ҚАНДАЙ ҮЗДІК НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ?

«Барселона» клубының ойыншысы Роберт Левандовски ЧЛ кезекті турында мынадай дүние жасапты. «Янг Бойз» командасына қарсы ойында дубль авторы атанып, командасын жеңіске жетеледі. 8 ші және 51 ші минутта қақпадан саңылау таба білді. Онымен қоймай, заманымыздың заңғар ойыншысы Криштиану Роналдудың нәтижесін қайталады. Бұл қандай нәтиже? Қолымыздағы ақпараттарға сүйенсек, польшалық шабуылшы ЧЛ 3 түрлі клубпен 10 гол соққан екінші ойыншы атанды. Бұл клубтар «Боруссия Д», «Бавария», «Барселона». Ал, бұған дейінгі нәтиже Роналдуға тиесілі еді. Ол «МЮ», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтары. Левандовски «Боруссияда» 17, «Баварияда» 69, «Барселонада» 10 гол соққан. Криш болса «МЮ» командасында 21, «Реал Мадридте» 105, «Ювентус» ұжымында 14 гол салып үлгерген. 

 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров