Жарнама
Жарнама

Левандовский автокөлігі дөңгелексіз қалды...

12.02.2014, 05:32
Жарнама
Жарнама
Кеше дортмундтық «Боруссия» мен Польша ұлттық құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовский автокөлігінің белгісіз біреулер дөңгелегін ұрлап кеткен. Футболшының «темір тұлпары» үйінің алдында-ақ тұрған екен. Қазіргі таңда 25 жастағы шабуылшының «Порше» автокөлігінің төрт бірдей дөңгелегін ұрлаған күдіктілер іздестірілуде. Бар күдік жергілікті жанкүйерлерге тірелуде. Өйткені дортмундтық клубтың фанаттары Левандовскийдің командадан кетпеуін қалаған-ды. Дегенмен футболшы осы қыстағы трансфер маусымында мюнхендік «Бавариямен»келісімшартқа қол қойған болатын. Ал автокөліктің бір дөңгелегі 3 мың еуро тұрады екен. Дайындаған: Өмірбек Сансызбай http://massaget.kz/
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров