Жарнама
Жарнама

Левандовский мен Кристенсен мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін

Стамбұлдық "Фенербахче" клубы ойыншылардың агенттерімен келіссөздерді бастап кетті.

Жарнама
Жарнама

“Фенербахче” клубына Роберт Левандовскийді қатарға қосу мәселесі күрделі болмақ. Неге десеңіздер, поляк шабуылшысының өзі Барсадан кететін қалауы жоқ екенін алға тартып келеді. Алайда соған қарамастан, Стамбұл командасы Роберттің агенттерімен жан-жақты байланыс орнатуда.

Андреас Кристенсенге келсек, мұнда ешқандай қиындық тумайды. Дат қорғаушысы маусым аяқталысымен Ханси Флик командасынан кетуді жоспарлап отыр. Әзірге 29 жастағы ойыншыға “Фенербахче” ұжымынан басқа ешқандай ұсыныс түспеді.

Командаға Доменико Тедеско бапкер болып келгелі “Фенербахче” соңғы 10 кездесуде жеңілмей, Суперлигада 2 орында келеді. Команда көш басында тұрған “Галатасарайдан” 1 ұпайға қалық. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: