"Жеңіс" клубының бас бапкері Әли Әлиев маусымаралық үзілістегі селекциялық жұмыстар мен команданың алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тәжірибелі маман ұжымды күшейту процесінің қалай жүріп жатқанын және жаңа ойыншылардан не күтетінін түсіндірді.
Бапкер үшін басты мақсат — ойын сапасын арттырып, қорғаныс пен шабуыл арасындағы тепе-теңдікті сақтау.
Бапкер биылғы трансферлік кезеңде таныс әрі сенімді ойыншыларға таңдау түскенін атап өтті.
"Қазіргі таңда командаға шақырылған әрбір футболшы бізге жақсы таныс. Олардың мүмкіндігіне сенімдіміз және ұжым үшін барын салып, пайдалы коэффициент көрсететініне күмәніміз жоқ.” — дейді Әлиев.
Тәжірибелі шеберлердің қасында жас таланттардың да деңгейі өсіп келеді. Бапкердің айтуынша, жас ойыншылардың прогресі қазірдің өзінде байқала бастаған.
Әли Әлиев команданың тактикалық басымдықтарын да тілге тиек етті:
"Бапкер әрдайым селекциялық режимде өмір сүруі керек. Біз бір жағынан қорғаныс шебінің мығым болуын қадағаласақ, екінші жағынан шабуыл өтіндегі нәтижелікті арттыруды көздейміз. Шабуыл әлеуетін әлі де күшейткіміз келеді, сондықтан бұл бағыттағы ізденістеріміз тіпті маусым басталған соң да жалғаса береді.”
Біздің серіктес: FONBET