Жарнама
Жарнама

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

08.09.2025, 02:11

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан ірі есеппен (0:6) жеңілгеннен кейін отставкаға кететіндігін мәлімдеді.

 

Жарнама
Жарнама

— Бәріне мен кінәлімін. Бұл жеңіліс толықтай менің жауапкершілігім. Отставкаға арыз жазамын. Қазақстанға жеткеннен кейін президентке бірден хабарлаймын, — деді Әлиев ойыннан кейінгі баспасөз жиынында.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы бес ойында үш ұпай ғана жинай алды. Әли Әлиевтің командасы Бельгиядан бөлек, Уэльске (1:3, 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) есе жіберді. Жалғыз жеңіс басты аутсайдер саналатын Лихтенштейнге қарсы матчта тіркелді (2:0).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: