Әли Әлиев «Шахтер» - «Қызыл-Жар» кездесуіндегі петропавлдық команданың жіберген қателіктерін айтты.
Сондай-ақ, отандық бапкер премьер-лигадағы клубтардың ортақ мәселесіне тоқталды.
«Мүмкіндіктерімізді жүзеге асыру жағы ақсап тұрды және сәл баяу ойнадық. Екінші таймда өзгерістер енгіздік – тағы да сол олқылықтың зардабын тарттық. Екі жарым жыл осымен қиналып келеміз. Бұл үлкен мәселе тек бізде ғана емес, премьер-лиганың көптеген клубтарында бар: гол соғуға болатын мүмкіндіктер жасалады, бірақ соларды жүзеге асыра алмаймыз. Сондықтан, егер де сен гол соға алмасаң, тиісінше ұпай да болмайды. Ұпай әкелетін голдар ғой», - деді қазақстандық маман.
«Қызыл-Жар» 24-турдан кейін турнирлік кестенің тоғызыншы орнында келеді. Петропавлдық ұжым 2-қарашада «Қайсарды» қабылдайды. ҚПЛ-дегі соңғы кездесуін «Жеңіспен» өткізбек. Бұл ойын тоғызыншы қарашаға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET