Жарнама
Жарнама

Әли Әлиев орнында қала ма? Жақын күндері бапкердің ұлттық құрамадағы тағдыры шешіледі

14.04.2025, 14:55

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының толыққанды бас бапкері қызметіне тағайындалмақшы.

Әли Әлиев орнында қала ма? Жақын күндері бапкердің ұлттық құрамадағы тағдыры шешіледі
Әли Әлиев
Жарнама
Жарнама

Осыған дейін бас бапкер міндетін атқарушы ретінде жұмыс істеп келген қазақстандық маман мен оның штабымен жақын күндері келісімшарт жасалуы ықтимал. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеген болатын.

«ҚФФ басшылығы Әлиевті тұрақты түрде бас бапкер етіп тағайындау жөнінде шешім қабылдады. Оның штабымен келісімшарт жақын апталардың бірінді іске асуы тиіс. Шамасы, Әли Ханәліұлы Қазақстан құрамасымен жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады», - делінген порталдың жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, Әли Әлиевтің жаттықтыруымен ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында өткен айда екі ойын өткізді – алдымен Уэльстен 1:3-пен ұтылса, келесі кездесуде 2:0 есебімен лихтенштейннен айласын асырған болатын. Енді Еуро іріктеуінің келесі ойынын Қазақстан Солтүстік Македонияға қарсы өткізбек. Ол матч 9-маусымға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров