"Жеңіс" бас бапкері Әли Әлиев Чемпиондар лигасында "Реалдан" 0:5 есебімен ұтылғаннан кейін "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға жауған қымбат сыйлықтарға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Олигархтардың логикасын түсіну қиын"
"Мен мұны таза эмоция деп қабылдаймын. Біздің олигархтардың ішкі дүниесін, өмір сүру салтын түсіну қиын. Олардың әр нәрсеге реакциясы әртүрлі. Мүмкін біреу бәс тіккен болар? Біз ол көліктің не үшін сыйланғанын нақты білмейміз ғой. Сондықтан бұл кәсіби бағалаудан гөрі, сезімге ерік берудің көрінісі сияқты."
Дегенмен, Әли Әлиев жас қақпашының ойынына оң баға беруді де ұмытпады. Оның айтуынша, есептің ірі болғанына қарамастан, Шерханның әлемдік деңгейдегі жұлдыздарға қарсы тұруы көңіл қуантады.
"Мадридтік шабуылшылардың аяқ алысымен салыстырғанда, Шерхан өзін өте лайықты ұстады. Ол қазақстандық жас қақпашыларға батылдық пен мінездің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Өзіңді көрсете білсең, сені байқайды, естиді.” – деді Әлиев Tengri Sport-қа берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET