«Аладоп.кз» белгілі маман Болат Есмағамбетовпен хабарласып, Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев жайлы сұрады.
«Өткен ойында бапкер де түсінген шығар өз сөзінің жүрмейтінін. Тактика жағынан проблема бар, ойыншы таңдау да сол әңгіме. Мотивациядан да мәселе барын білдік. Бірақ, амал не, басқа құрама бізде жоқ қой... Әлиевке тәжірибе жетпеді. Оның құрама командадан басқа қаншама проблемасы бар? Бұрынғы клубымен соттасып жатыр. Одан кейін бас бапкердің әңгімесі көп болып кетті. Сөзінде ешқандай нақтылық жоқ. Конкретика жоқ. Өйтіп жатырмыз, бүйтіп жатырмыз дейді. Ананы мақтайды, мынау дейді. Ал мұның барлығы жай ғана су ғой. Команданың бапкері болуы керек, жамандасаң барлығын жаманда, мақтасаң да солай», - деді Б. Есмағамбетов.
Қазақста ӘЧ-2026 іріктеуі аясында 5 турдан кейін 3 ұпай жинап, соңғы орындардың бірінде тұр. Соңғы матчта біздің команда Бельгиядан 0:6 болып ойсыраған. Осы ойын соңындағы жиында Әли Әлиев орнын босататынын мәлімдеген болатын.
Біздің серіктес: FONBET