«Ақтөбенің» капитаны Әлібек Қасым ҚПЛ-дің 25-туры аясында «Астанамен» болған ойын жайлы пікірін айтты.
Естеріңізде болса, аталған кездесуде ақтөбеліктер 3:5 есебімен ұтылып, ойынның арты үлке дауға ұласқан. Бұл бәсекеде ақтөбелік футболшылардың қарсыласқа әдейі есе жібергені жайында небір алып-қашпа әңгімелер жүруде. Оның ішінде капитанға қатысты да біраз күдік болған еді. Әлібек осы және тағы біраз дүниені ашып айтып, ойын ортаға салды.
«Маған жіберген голдарымыз өте біртүрлі көрінді. Қалайша бұлай жіберіп алып жатқанымыз ақылыма сыймады. Осыдан кейін қақпашыға өз ойымды айттым. Ал жауап ретінде одан агрессия... Бұл жағдай маған ұнаған жоқ, сол үшін мәселені ары қарай киім ауыстыратын бөлмеде талқылауды ойладым. Қақпашыға «қазір жанжалдаспай-ақ қояйық, киім ауыстыратын бөлмеде әңгімелесеміз» дедім. Бірақ, бәрібір осы ойыннан кейін екіойлы болып жүрмін, өйткені, матчтан кейін небір қоңыраулар шалынды, тіпті кейбір футболшылардан күдіктеніп жатыр. Бәрібір де бұл қызық ойын болып қалды. Матчтан кейін бәрі анықталса екен деймін, жалпы, осы жылы кіммен командалас болғанымды, қандай адамдармен футбол ойнағанымды білгім келеді. Егер матчты біреудің сатқаны анықталса, мейлі қазақстандық, мейлі легионер болсын, онда жігітше әңгімелесеміз деп келістік», - деді Ә. Қасым
«AmanVibe» ютую-арнасының подкастында.
ҚПЛ-2025 қортындысы бойынша «Ақтөбе» 5-орын алып, Еурокубоксіз қалды.
Біздің серіктес: FONBET