Әлібек Қасым "Қайратқа" қайта ма?

16.07.2024, 14:27

Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбенің" қорғаушысы Әлібек Қасым "Қайратқа" ауысуы ықтимал.

Әлібек Қасым "Ақтөбе" сапында

Бұл туралы "Meta-ratings.kz" мәлімдеген болатын. Футболшының клуб ауыстыруына бас бапкер мен команда басшылығымен арадағы түсініспеушіліктер түрткі болған көрінеді. Сондай-ақ, Қасымның кетуіне командаластарымен арадағы қарым-қатынасы да себеп болды деген ақпарат бар. Қорғаушының соңғы үш кездесуге қатыспауы осы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін: "Спартакпен" өткен жолдастық ойын, "Тобылға" қарсы Кубоктік бәсеке мен Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Сараевомен" өткен матч. 

"Қайраттың" түлегі "Ақтөбе" сапында 2022-жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта 70 бәсекеде бақ сынап, 15 рет мергендік танытып, үш голдық пас берген. Сондай-ақ, қорғаушының мансабында "Ақтөбе" мен "Қайраттан" бөлек, "Қыран" және "Қызыл-Жар" командалары да болды.