Әлібек Қасым «Ақтөбе» мен жеке өзінің келесі маусымдағы мақсаттарын айтып, мансабы туралы жоспарларымен бөлісті.
«Маусым жаман болған жоқ, трофей олжаладық, үш жыл қатарынан жүлделі орын алып отырмыз. Ақтөбеге алтын әкелгіміз келеді, бірақ біздің жеңістеріміз алда деп ойлаймын. Келесі жылы барлығымыз да ілгері басып, ақыры чемпион боламыз. Бұл менің «Ақтөбе» сапындағы ең сәтті маусымым. Командаға көмектесу үшін барымды салдым, бірақ әрине, бұдан да жақсы ойнауға болады. Алматының «Қайратымен», топ жарған клубпен ойындарымыз ерекше есімде - біз оларды екі ойында да ұтып кеткен болатынбыз.
Қазір демалыстамын. Жоспарлар туралы айтсам, қазір «Ақтөбемен» келісімшартым бар. Бірақ кез-келген жағдай орын алуы мүмкін. Футбол деген бүгін былай, ал ертең мүлде басқаша құбылатын дүние ғой», - деді қорғаушы Aktobetimes.kz-ке берген сұқбатында.
Айта кетейік, биыл «Ақтөбе» ҚПЛ-де үшінші орын алды. Ал Әлібек Қасым биыл клубтағы жемісті өнерінің арқасында ұлттық команда жейдесін киіп, Ұлттар Лигасында Қазақстан намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET