Жарнама
Жарнама

Әлібек Қасымның матчты сатып жібергені рас па?

31.10.2025, 11:00

Қорғаушы басынан өткерген қысым мен сын туралы ашық айтты.

Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” футбол клубының капитаны әрі қорғаушысы Әлібек Қасым AmanVibe YouTube арнасына берген сұхбатында биылғы маусымдағы ең ауыр сәттердің бірі — “Жетісуға” қарсы өткен ойыннан кейінгі жағдай туралы бар шындықты айтты.

Футболшының сөзінше, ол өз қателігін мойындағанымен, бұқаралық ақпарат құралдарының және кей журналистердің реакциясы күткеннен әлдеқайда ауыр болған.

“Қорғаушының кез келген қатесі — бұл гол. Мен толық түсіндім, иә, қателестім, ол менің кінәм еді. Бірақ мен ойламадым, БАҚ пен журналистер мұндай бағытта кетеді деп. Олар талдау жасап, мен әдейі аяғымды тартып алды, матчты сатып жіберді деген секілді әңгімелер таратты. Сол ойында бәрі басталды — содан кейін қорғаныстағы кез келген қате менімен байланыстырылды.” — деді Қасым.

Еске сала кетсек, 10-турда өткен матчта “Жетісу” “Ақтөбені” 2:1 есебімен ұтқан еді. Қарсыластың бір голы Әлібектің қателігінен кейін соғылған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров